Павлодар облысында шаянға таласқандардың шуы басылар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында шаянға таласқандардың шуы басылар емес

Павлодар облысында шаянға таласқандардың шуы басылар емес

Павлодар облысында шаянға таласқандардың шуы тағы жалғасты. Шарбақты жұртынан кейін Черное ауылының да тұрғындары құнды жәндікті аулау үшін көлге жақындай алмай жатқандарын айтып шағымданды. Олар Бөрлі көлін жалға алған шаруа қожалығымен келісім-шарт жасасып, шаянның қабын 4-5 мың теңгеден теріп жүрген. Алайда ойда-жоқта, ауылдықтардың аумаққа кіруіне шектеу қойған кәсіпкер аудан басшыларын да пысқырар емес.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 1943
Фото - Caravan.kz

Бұрын ауыл тұрғындары келіп шомылатын Бөрлі көліне қазір ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ. Тұзды көлді жалға алған жергілікті шаруа қожалығының иесі аумақ маңын қазып, жолдарға да шектеу қойған. Жұртты бастапқыда жұмыспен қамтуға сөз бергендер енді ауылдықтармен байланыстарын да үзген.

Адам денсаулығына пайдалы минералдарға толы Бөрлі көлі медицинада сұранысқа ие салина артемия шаянына да бай. Бұған дейін қараусыз жатқан аумақ осыдан төрт жыл бұрын «Дәурен» шаруа қожалығына жалға берілген екен. Мұны бірауыздан қолдаған ауыл жұрты енді кәсіпкердің өздерін алдап кеткенін айтады.

Рүстем Шахмарданов, Черное ауылының тұрғыны:

— Басында бізге олар айтты көлді,жерді алсақ халыққа жұмыс береміз, квота береміз. Күзетшілер Алматыдан келген спортсмендер.Здоровый балалар халықты қорқытып, кіжіңдеп, секіріп солай істеуге бола ма? Представительдеріне барып кірейік, шомылайық деп айтсақ, кіргізбейді. Бір сөз «Жүнісов Серік решает» дейді.

Жұрт көлді жалға алған кәсіпкермен келісім-шартқа отырып, күн-түн демей терген шаянның қабын 4-5 мың теңгеге өткізіп отырған екен. Биыл оның бірі жоқ. Күзет тіпті суға шомылуға да рұқсат етпепті. Жаз бойы сандалған жұрт аудан басшыларынан араша сұрады.

— Не дай Бог это как в Шарбактах будет, это криминал страшный будет. Ал мені білетіндер растайды, егерде мен отырсам мына артемиде, менің атымнан бір милиция көтерілмес еді. Анда отырғандардың артында мықтылар отыр.

Көл басында мықтылардың отырғанын айтқан жұрттың аумақты жалға алған кәсіпкер Дәурен Жүнісовтен гөрі оның ағасы Серікке өкпесі қара қазандай. Бұған дейін Павлодар облыстық жол полициясы басқармасынан істі боп қуылған ол қазір мал ұстап, құнды шаян бизнесін де қолға алған. Ауыл тұрғындары тұрмақ, әкім-қараларды да олар елемейді.

Бейімбет Байжанов, Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары:

— «Дәурен»  шаруа қожалығының  басшыларымен міне осылай кездесе алмадық, халықтың алдына шақырылған болатын дейді,бірақ келмеді.Енді ары қарай сол кісілермен кездесу ұйымдастырып, келе ме, келмей ме білмеймін. Халықпен заңнамаға сәйкес жұмыс істету керек.

Бағалы шаянды теру науқанының аяқталғанын айтып шулаған жұртты атқамінерлер сабырға шақырумен болды. Бірақ тұрғындар енді өздерін жұмыссыз қалдырған кәсіпкерді ағасымен қоса сотқа бермекші.

Соңғы жаңалықтар