Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, 50 килограмм есірткі полиэтилен дорбаларға салынып, Лебяжы ауданы Бейімбет ауылындағы бір жеке меншік қоражайда шөптің ішіне жасырылыпты. Есірткіні «Шалдай» заставасының әскерилері патрульге шығу барысында сенбіден жексенбіге қараған түні тапқан.
Отряд командирі Ержанат Қалымжановтың айтуынша, «тауар РФ Алтай өңірінің аумағымен контрабандалық жолмен тасымалдауға арналыпты». Оның айтуынша, есірткі табылған ауыл «Ертіс орманы» табиғи резерватының ормандағы заимкасында, шекара сызығынан небәрі 1,5 шақым жерде орналасқан.
Есірткілік затты сатып алу, сақтау және сатуға әрекеттенген күдікті ретінде 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір ол облыстық ҰҚКД-іне жеткізіліп жауап беруде.
Бейімбет ауылының тұрғынынан табылған есірткі жыл басынан бері шекараның осы бөлігінде қолға түскен ең ауқымды партия. Жалпы бір жарым айда Павлодарлық шекарашылар есірткілік заттарды контрабандалық жолмен тасымалдауға жасалған 4 әрекеттің жолын кесті.
Павлодар облысы Ресейдің Алтай өңірі, Омбы және Новосибирск облыстарымен шекараласады. Шекараның осы бөлігінің ұзындығы 798 шақырымға тең.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті