Павлодар облысында табиғат қорғау прокуратурасы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында табиғат қорғау прокуратурасы құрылады

Павлодар облысында табиғат қорғау прокуратурасы құрылады

ҚР бас прокуратурасының шешімі бойынша Павлодар облысындағы қоршаған ортаға бақылау қою мақсатымен табиғат қорғау прокуратурасы құрылатын болды. Бұл туралы облыстық прокуратурадан таратылған баспасөз баянында айтылған.

  • 22 Қазан 2003
  • 716
Фото - Caravan.kz

Осындай құрылымның негізін қалау туралы Павлодар облыстық прокуроры ұсыныс жасады. «Бүгінде облыстағы қоршаған ортаны қорғау мәселесі кезек күттірмес шараларды жүзеге асыруды талап етіп отыр. Мұндай жағдай бұл аймақта Баянауыл ұлттық табиғи қорығы, Ертіс өзені, бірегей қарағайлы ну, Екібастұз, Қарағанды облысы және Астананы ауыз сумен қамтамасыз етуші Сәтпаев атындағы каналдың болуына байланысты «,- делінген баспасөз баянында.

Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Ертіс суындағы мұнай өнімдерінің мөлшері шектеулі мөлшерден 5,8 есе, темір мөлшері 2,6 есе, мырыш мөлшері 3 есе, мыс мөлшері 7 есе артық. Облыстағы жоғарғы деңгейде дамыған өнеркәсіп саласы да қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отыр. «Облыстағы ірі кәсіпорындар мен жылу энергетикасы кешендерінің ауаға тастайтын зиянды қалдықтарының мөлшері жылына 461,9 мың тоннаны құрап, ел көлеміндегі жалпы қалдықтардың бестен бір бөлігін құрап отыр»,- делінген баспасөз баянында.
Сондай-ақ, құрылыс материалдарына деген сұраныстың артуы салдарынан кеңінен таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қатысты көптеген деректер тіркелді.
Жаңа құрылым қоршаған ортаны қадағалау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, табиғат қорғаушы барлық органдардың іс-қызметін үйлестіреді деп күтілуде.
Облыстық прокуратурада тұрғындардың табиғат қорғау заңнамаларын бұзуға қатысты деректерді хабарлауына арналған телефон жұмыс істей бастады.
Павлодар облысында 800 мыңдай халық тұрады.

Соңғы жаңалықтар