Павлодар облысында төрт жасар бала іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында төрт жасар бала іздестірілуде

Павлодар облысында төрт жасар бала іздестірілуде

Павлодар облысында төрт жасар бала іздестірілуде.Тамерлан Мұқтаров осыдан екі күн бұрын туыстарымен бірге Ақсу кентіндегі жағалауға кетіп, небәрі бірнеше минуттың ішінде ұшты-күйлі жоғалған. Баланың жақындары оның суға кеткеніне сенбейді. Бұған қоса екі тәуліктен бері құтқарушылар да бүлдіршінді еш жерден таппай жатыр. Жанұшырған Мұхтаровтар отбасы қазір бұрыш-бұрышқа кішкентай Тамерланның суреттерін іліп, халықтан оны іздеуге көмек сұрауда.

  • 8 Тамыз 2015
  • 504
Фото - Caravan.kz

Төрт жасар Тамерлан Мұхтаров екі күн бұрын мына аумақта жоғалған. Баланы соңғы рет көргендер оның жағалауда отырғанын айтады. Қазір жеткіншекті іздестіру шараларына жүзге жуық адам ат салысуда.

Кішкентай Тамерланды бесінші тамыз күні туыстары өзге жиендерімен бірге өзен жағалауына ертіп келген. Бес ересек пен тоғыз бала Ақсу кентіндегі мына жағажайда демалмақ болыпты. Алайда небәрі бірнеше минуттың ішінде 4 жасар Тамерлан көзден таса болған. Бүлдіршін үшін жауапкершілікті мойнына алған нағашы ағасы енді жанын қоярға жер таба алмай жүр.

Дәурен Мұқатаев, Тамерланның нағашысы:

— Біреулеріңіз бір жерден көрсеңіздер, бір ақпарат болса милицияға 102-ге хабарлауға болады. Не болмаса интернетте менің ұялы телефонымның нөмірі жүр, соған хабарласуға болады. Көмектесулеріңізді сұраймын.

Тамерланды жағалаудан таппаған туыстары бірден құтқарушыларға хабар берген. Аумақты түгел тінткен бір топ маман баланы таппай қайтып келіпті. Қазір олардың қатарына бүлдіршіннің туған туыстары, әкімдік қызметкерлері және еріктілер де қосылған. Құтқарушылар мен полицейлер бала ұрланған деген болжам жасауда.

Әмірғали Смайылов, Ақсу қаласы судан құтқару бөлімінің жетекшісі:

– Егер бала өзенге батып кетсе, қалқып шығар еді. Өйткені  екі тәулік өтті. Бұған қоса судың қазіргі температурасы 25-28 градус. Аумақты сүңгуірлер түгел қарап шықты. Ойын баласын біреулер ертіп әкетті деген болжам бар.

Тамерланды екі тәулік іздеп таппаған отбасы Ақсу қаласы мен кентінің көшілеріне баланың суреті бейнеленген плакаттарды жапсырып шыққан. Әлеуметтік желілерге де ақпарат салған олар енді балгерлердің көмегіне жүгінуде. Бақсы әйелдердің бірі бүгін бүлдіршінді әлдебіреулердің ертіп кеткенін мәлімдеген. Ал Мұқтаровтар әулеті ол жақын арада табылып қалар деп үміттеніп отыр.

Соңғы жаңалықтар