Павлодар облысында туған күнін тойлап жүрген қыз бен тойға келген бір қонақ суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында туған күнін тойлап жүрген қыз бен тойға келген бір қонақ суға кетті

Павлодар облысында туған күнін тойлап жүрген қыз бен тойға келген бір қонақ суға кетті

Павлодар облысы Иртышск ауданының орталығында Ертістің жағалауында 19 жасқа толған туған күнін тойлап жүрген қыз бен тойға келген 23 жастағы бір қонақ жігіт суға кетіп қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 11 Мамыр 2004
  • 501
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 10 мамырда болған. Иртышск ауданының 20-25 жас аралығындағы сегіз тұрғыны Ертістің жағалауында бір қыздың 19 жасқа толуын тойлап жүрген. Той үстінде жастар моторлы қайыққа мініп қыдырып қайтпақ болады. Алайда, жолаушылардың көптігін көтере алмаған қайық аударылып кеткен. Сегіз адамның алтауы құтқарылып, той иесі — қыз бен 23 жастағы бір жігіт қаза тапты.

Кеше жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар мерт болғандардың мәйітін тауып судан шығарды.

Соңғы жаңалықтар