Қазіргі жағдаймен облыстың 16 мың тұрғынына тыныс жолының күрделі қабынуы, 1,7 мың тұрғынға тұмау деген диагноз қойылды. Павлодар қаласы мен облыстық ауруханаларға осындай диагноздар қойылған мыңдаған адам жатқызылды.
Тұмау және тыныс жолдарының күрделі қабынуы дертінің белең алуына байланысты бірнеше ауылдық мектептерге карантин жариялау туралы нұсқау берілді. Бұл мектептердің әкімшілігі білім ошақтарын уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Соның нәтижесінде Качир, Шербақты және Екібастұз аудандарында бір, ал Успенский және Баянауыл аудандарында екі мектептен жабылды. Мамандардың айтуынша, ауыл мектептеріндегі карантин мерзімі жеті күнге ұзартылуы мүмкін.
Ал қала мектептерінде каратин жарияланған жоқ. Бірақ балалардың сабаққа келу жағдайында тұрақты талдау жасалуда.
Сондай-ақ, облыстық балалар үйі мен мектеп-интернаттарда карантин жарияланып, келушілерге тыйым салынды. Сондай-ақ, облыстағы барлық емдеу мекемелерінде карантин тәртібі енгізіліп, дезинфекциялау және бетперде кию режимі енгізілді.
Павлодар облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметі бойынша, биылғы қыста облыста 50,5 мың тұрғынға тұмауға қарсы вакцина егілді.