Павлодар облысында тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жасалды

Павлодар облысында тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жасалды

Павлодар облысында тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарлама жасалды. Бұл бағдарлама 4700-дей отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 425
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен Павлодар облысында 2600 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, «тұрғын үй ахуалын жақсартуды қалайтын отбасылар саны қазір кезекте тұрғандардың 10-12 проценті көлемінде арта түспек». Сондай-ақ, облыс қалаларында әбден тозығы жетіп, бұзуды талап ететін үйлерде 2107 отбасы тұрып жатыр.

Тұтастай алғанда облыста 452 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет. Тұрғын үй құрылысы мен құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру барысында облыста бюджет қаржысы мен ипотекалық несие беру есебінен 282 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, тұрғын үйлердің жобасы Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауындағы әрбір отбасына 80 шаршы метр тұрғын үйден келуі керек деген нормаға сәйкес жасалады.
Атап айтсақ, Павлодардағы Усольский ықшам ауданын салу одан әрі жалғасын табады. 2005-жылы ықшам ауданды қала орталығымен байланыстыратын «Академик Сәтпаев-Амангелді-Майра» автожолы салынады. Ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын жолдың құны 153 млн. теңгеге бағаланған. Сондай-ақ, бағдарлама аясында ықшам аудан аумағындағы Усолка өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізіледі.
2005-2007-жылдарда облыста 420 және 110 оқушыға арналған екі мектеп, тәулігіне 200 адамға қызмет көрсететін емхана, 330 орынға есептелген балабақша тәрізді денсаулық сақтау және білім беру нысандары салынады. Нысандардың жалпы құны 1,6 млрд. теңге.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жергілікті құрылыс индустриясы мен минералды шикізат базасының дамуына тың серпін беріледі деп күтілуде. «1990-2000 жылдар аралығында облыста бұған дейін болған құрылыс индустриясының өндірістік потенциалы толықтай дерлік істен шықты»,- дейді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар