Павлодар облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықаралық есірткі арнасының жолын кесу іс-шарасы барысында 20 килограмм героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықаралық есірткі арнасының жолын кесу іс-шарасы барысында 20 килограмм героин тәркіленді

Павлодар облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықаралық есірткі арнасының жолын кесу іс-шарасы барысында 20 килограмм героин тәркіленді

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің халықаралық есірткі арнасының жолын кесу бойынша іс-шарасының барысында 20 килограмм героин тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іс-шараның бірінші сатысында Павлодарда 10 кг героин әкетіп бара жатқан есірткі тасымалдаушы ұсталды.

Жедел-іс-шараның келесі кезеңінде Екібастұз қаласында да салмағы 10 кг болатын есірткінің тағы бір партиясы тәркіленді. Есірткі тобының ұйымдастырушылары болып табылатын екі азамат ұсталды, олардың бірі Тараз қаласының тұрғыны болса, екіншісі Ресей Федерациясының азаматы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар