Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іс-шараның бірінші сатысында Павлодарда 10 кг героин әкетіп бара жатқан есірткі тасымалдаушы ұсталды.
Жедел-іс-шараның келесі кезеңінде Екібастұз қаласында да салмағы 10 кг болатын есірткінің тағы бір партиясы тәркіленді. Есірткі тобының ұйымдастырушылары болып табылатын екі азамат ұсталды, олардың бірі Тараз қаласының тұрғыны болса, екіншісі Ресей Федерациясының азаматы.