Сонымен қатар таң алакеуімде жеңіл көлік жолаушылар пойызымен соқтығысты. Ақсу қаласында орын алған апаттан автокөлік ішіндегі азаматша қаза тапты. Жеңіл көліктің жүргізушісі аман, екі азамат жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Павлодардан Алматыға қатынайтын жолаушылар пойызына ешқандай зақым келмеген.