Caravan Logo

Павлодар облысында жарты тонна радиоактивті балық тәркіленді

Павлодар облысында жарты тонна радиоактивті балық тәркіленді


54 жастағы азамат  он бес қап заңсыз тауарын жеңіл көлігіне тиеп, Екібастұз базарына алып бара жатыр екен. Бірақ, балық сатылымға жетпей тәркіленді. Сараптама жүргізген мамандар  балықтың адам өміріне аса қауіпті екенін анықтады. Ондағы радиация белгіленген мөлшерден екі жарым есеге көп. Ұсталған азамат тәртіп сақшыларына заңсыз тауарды Ақсу ауданындағы Пограничник ауылы тұрғындарынан сатып алдым деп түсіндірген. Улы балықты саудаламақ болған ол қатаң жазаға тартылған жоқ. Тек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін  он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеп құтылды.