Павлодар облысында "Жасыл ел" қозғалысы балық шабақтарын құтқаруға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында "Жасыл ел" қозғалысы балық шабақтарын құтқаруға кірісті

Павлодар облысында "Жасыл ел" қозғалысы балық шабақтарын құтқаруға кірісті

Павлодар. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында "Жасыл ел" қозғалысының өкілдері балық шабақтарын құтқару шарасына кірісті. Бұл туралы агенттік тілшісіне студентер мен жастардың еңбек отрядтарының облыстық штабынан хабарлады.

  • 20 Тамыз 2008
  • 790
Фото - Caravan.kz

«Студенттер өте күрделі әрі маңызды жұмысты атқаруға тиіс. Қазіргі уақытта операцияға 15 адам тартылған, бірақ кешікпей олардың қатары ұлғаяды», -деді облыстық штаб бастығы Нариман Әбілшайықов. Оның айтуынша, экологиялық отряд «Жасыл өлке» деп аталады.

Ол сондай-ақ, биыл студенттердің бастамасына облыс басшылығы қолдау көрсеткенін хабарлады. Қазақстанда тұңғыш рет балық шабақтарын құтқару операциясына бюджеттен 2,5 млн теңге бөлінді.

«Былтыр біз небәрі 1 млн жуық шабақты құтқарсақ, биыл мемлекеттің қолдауымен Ертіске 10 млн астамын жібермекшіміз», — деді Н.Әбілшайықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар