Павлодар облысында жол апаты салдарынан 8 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жол  апаты салдарынан 8 адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апаты салдарынан 8 адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апаты салдарынан 8 адам қаза тапты, олардың төртеуі кәмелетттік жасқа жетпегендер. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар аудандық ІІБ-нан хабарлады.

  • 28 Шiлде 2003
  • 405
Фото - Caravan.kz

Кеше сағат 12-ден 20 минут кеткенде Павлодар ауданының аумағында, Павлодар-Омбы бағытындағы тас жолдың 32-шақырымында бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан «Ауди-100» және «Ауди-80» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан көліктердің 31 және 46 жастағы жүргізушілері сол жерде қаза тапты. Сондай-ақ, 9 және 11 жастағы екі ұл мен 17-18 жастағы қыз, 30-35 жастағы жігіт те апат орнында мерт болды. 1981 және 1992-жылы туған тағы екі жолаушы ауруханада қайтыс болды.

Қазір оқиға болған жерде апатттың себеп-салдары мен қаза тапқандардың нақты санын айқындайтын арнаулы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Алдын-ала мәлімет бойынша, Ресейлік номерлі, ішінде үш адамы ар «Ауди-100» автокөлігі Томскден Павлодарға , ал Қазақстандық номері бар «Ауди-80» ішіндегі 5 адаммен Қарағандыға қарай бет алған сыңайлы.