Апат Павлодар-Омбы тас жолының 30-шақырымында болған. «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі «ГАЗ-3110» машинасымен соқтығысып қалған. Апат салдарынан «Жигули» автокөлігінде келе жатқан бір жолаушы мерт болды. «ВАЗ»-дың жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ, «ВАЗ» жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы, соның ішінде 10 және 13 жастағы екі бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«ВАЗ» жүргізушісі мен жолаушылары Қырғызстан азаматтары болып шықты.