Павлодар облысындағы электр стансаларының қуатын 8,5 мың МВт-қа жеткізу жоспарлануда
Павлодар облысындағы электрстансаларының қуатын 2014-ші жылға қарай 8,5 мың МВт-қа жеткізу жзоспарлануда, деп облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. |
«2014-ші жылға қарай біз стансалардың қуатын бүгінгі 6,4 мың МВт деңгейден 8,5 мың МВт деңгейге жеткіземіз. Осылайша барлық кәсіпорындар жеткілікті деңгейде электр қуатын алады», - деді Б. Сағынтаев бейсенбі күні Еуразиялық энергетикалық корпорацияның (ЕЭК) Ақсу №2-ші энергоблогын іске қосу рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Бұрын хабарланғандай, бейсенбі күні қуаты 325 МВт болатын Ақсу ТЭС-інің №2-ші энергоблогы іске қосылды.
Жобаны жүзеге асыруға екі жыл уақыт жұмсалды. Инвестиция көлемі $250 млн құрады. Жоба мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енгізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде энергоблоктың қуаты 325 МВт құрады, бұл ТЭС-тің жалпы қуатын 2425 МВт-қа жеткізуге мүмкіндік береді
Құжатқа сәйкес, қалпына келтіру жұмыстары барысында энергоблоктың жабдықтары түгел ауыстырылды. Жаңа, қуаты көбірек турбогенератор, қазандық агрегат, генератор, трансформаторлар орнатылды.
Сондай-ақ, атмосфераға тасталатын заттардың 99%-дан астамын ұстайтын электр фильтрлер орнатылды. Жетілдірілген автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды, ол блок жұмысына мониторингтің сапасын және еңбек қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Арнайы жасалған технологиялар қалпына келтіру шараларын көрші энергоблоктардың жұмысын тоқтатпай жүргізуге мүмкіндік берді.
№2 энергоблокты қалпына келтіру электр станциясындағы барлық 8 энергоблокты кезең-кезеңмен қайта жөндеуді қарастыратын кешенді бағдарламаның аясында жүзеге асырылды. 2011 жылдан бері №1, 3 және 4 энергоблоктар қайта жөнделді. Қазір №6 энергоблок қалпына келтіріліп жатыр, бұл мақсатқа ENRC $265 млн жұмсамақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін