Павлодар облысының 65 жылдығына орай тарихи құжаттардың жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының 65 жылдығына орай тарихи құжаттардың жинағы жарық көрді

Павлодар облысының 65 жылдығына орай тарихи құжаттардың жинағы жарық көрді

Павлодар облысының 65 жылдығына орай облыс тарихының 1938-жылғы қаңтардан 2003-жылғы шілде айына дейінгі кезеңін қамтитын "Павлодар облысы, тарих парақтары" деген тақырыпта құжаттар жинағы жарық көрді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы мұрағаттар департаментінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 670
Фото - Caravan.kz

Бұл — еліміз бойынша облыстық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері тарапынан жинақ құрастыруға қатысты тұңғыш тәжірибе. Жинақ авторлары — Павлодар облыстық мұрағаттар департаментінің төрайымы Вера Болтина мен Павлодар облыстық Мемлекеттік мұрағаттың директоры Людмила Шевелева болып табылады. Олар Павлодар облысындағы 1930-1950-жылдардағы нәубет құрбандарына қатысты жинақты құрастырып, деректі жинақ шығарудан бұған дейін де тәжірибе жинақтаған.

«Павлодар облысы, тарих парақтары» атты жинаққа 300-ден астам құжаттар мен суреттер қамтылды. Онда Ұлы отан соғысы, тың игеру, химия, трактор және алюминий зауыттары сынды ірі кәсіпорындар мен «Ертіс-Қарағанды» каналының салынуына байланысты облыс дамуының барлық кезеңдеріне қатысы бар айрықша маңызды әрі сирек кездесетін құжаттар жарияланған. Жинақта сондай-ақ, 1939 және 1959-жылдардағы адам санағына , соның ішінде халықтың ұлттық құрамы, аудандық орналасуы, және ерлер мен әйелдер санына қатысты мәліметтер келтірілген.
Жинақты құрастыру барысында оның авторлары Қазақстанның президенттік мұрағаты мен Мәскеу архивтерінде жұмыс істеді. Жинақты құрастыруға 6 ай уақыт сарп етілді. Жинақ 500 данамен шығарылған.
Жинақ авторларының пайымдауынша, ол тарих зерттеуші мұғалімдер, журналистер, экономистер, ғалымдар мен студенттер үшін маңызды құрал болып табылады.

Соңғы жаңалықтар