Павлодар облысының әкімі ауылдарды аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының әкімі ауылдарды аралады

Павлодар облысының әкімі ауылдарды аралады

Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Шарбақты ауданына жасаған сапарының барысында бірінші кезекте, әлеуметтік нысандардың жағдайымен және

  • 17 Маусым 2011
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен танысты.

Әкім сапар барысында 17 ауылды аралап, мектептер мен балабақшаларда, медициналық мекемелерде, мектеп жандарындағы сауықтыру лагерьлері мен мәдениет үйлерінде болды.

Өңір басшысы ауданның үздік шаруашылықтарының бірі — «Победа» ЖШС-інде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті, олардың жағдайларымен танысты.

Облыс әкімі сапар барысында кітапханалардың жағдайына да назар аударды, кітап сөрелеріндегі басылымдармен танысты. «Қазіргі оқырмандар заманауи басылымдарды оқығысы келеді. Ауыл кітапханаларында жақсы басылымдар бар, бірақ олар бұрынғы авторлардың қайта басып шығарылған туындылары. Сондықтан да бюджетті нақтылау кезінде біз ауыл кітапханалары үшін жаңа кітаптар сатып алуға қаржы қарастырмақпыз», деді әкім өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар