Жарияланды: 410

Павлодар облысының әкімі: Құқықтық тәртіпті сақтау бойынша қоғамдық құрылымдарды құру - уақыт талабы

Кеше Павлодар облысында облыс әкімі Ерлан Арын өткізген кеңесте құқықтық тәртіпті сақтау бойынша қоғамдық құрылымдарды құру мәселесі талқыланды, деп хабарланды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Қоғамдық құрылымдарды құру бұл - уақыт пен жағдайдың талабы», - деп атап өтті Ерлан Арын. - Қалалар мен ауылдарды бірігіп патрульдеу - көше қылмысымен күрестің тиімді тәсілі. Облыста қоғамдық құрылымдар, ауылдарда сарбаздар жасағы жұмыс істейді, бірақ олар жеткіліксіз». Өңір басшысы қоғамдық құрылымдарды ұйымдастыру және қызметін үйлестіру жөніндегі облыстық комиссияны құруды және тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды ынталантыруды ұсынды. Полицияның ерікті көмекшілеріне төсбелгілер, куәліктер, бірыңғай форма мен жол ақысына жеңілдіктер берілетін болады. Кәсіподақ ұйымдарына ұжымдық келісімдерге қызметкерлерге жеңілдіктерді қамтамасыз ететін ережелерді енгізу ұсынылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін