Полицияға хабарласқан бір тұрғын өзінің 69 жастағы, 1 топтағы мүгедек анасы бірнеше күннен бері үйіне оралмағанын жеткізген.
Келесі күні полиция қызметкерлері 37 және 27 жастағы екі күдікті әйелді қолға түсірді. Олардың бірі жоғалып кеткен зейнеткерге 26700 теңге берешек болған. Сөйтіп, ұсталған әйелдер қарыз ақшаны қайтармау үшін зейнеткерді өлтіргенін мойындады. Әлгілер өлген әйелдің мүрдесін бөлшектеп, сөмкеге салып, Ертіс өзеніне ағызып жіберген. Қылмыскерлер көрсеткен жерден сүңгуірлер өлген әйелдің мәйітін алып шықты.
Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «кісі өлтіру» жөніндегі 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.