Павлодар облысы Заря ауылының бір тұрғыны мас күйінде үсті-басына жанармай шашып , тұтандырып жіберген. Алайда оқиғаның куәгерлері оның бұл әрекетіне тосқауыл қойды. Өзін-өзі өртемек болған еркек 1,2 және 3 — дәрежелі күйікпен Павлодардағы 1-қалалық аурухананың күйік бөліміне жатқызылды.
Еркекті мұндай әрекетке қандай себептің итермелегені әзірге беймәлім.