Жарияланды: 390

Павлодар облысының диқандары астық сақтайтын элеватор тапшылығына кездесуі мүмкін

Павлодар облысының диқандары алдағы уақытта астық сақтайтын орындардың тапшылығынан зардап шегуі мүмкін. Бұл туралы дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аймақтық Ауыл шаруашылық басқармасынан хабарлады.

Басқарма ақпарына қарағанда, қазір жеке тұлғалардың астығын сақтауға рұқсат беретін лицензиясы бар элеватор саны төртеу ғана. Былтыр ұзын-саны жеті жлеватор лицензия алған болатын. Екі элеватор банкрот деп танылып, тағы біреуі қаржылық қиындықтарға байланысты лицензиясын ұзартпаған. «4 элеватор жалпы 225,3 мың тонна астық қабылдай алады. Биылғы жинап алынатын астық оған сыймайды», - деп атап өтті басқарма өкілі. Былтыр облыс бойынша 232 мың тонна астық пен бұршақдақылдар жинап алынған болатын. Ал, 2009 жылы облыс диқандары қамбаға 826,7 мың тонна астық құйды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін