Басқарма ақпарына қарағанда, қазір жеке тұлғалардың астығын сақтауға рұқсат беретін лицензиясы бар элеватор саны төртеу ғана. Былтыр ұзын-саны жеті жлеватор лицензия алған болатын. Екі элеватор банкрот деп танылып, тағы біреуі қаржылық қиындықтарға байланысты лицензиясын ұзартпаған.
«4 элеватор жалпы 225,3 мың тонна астық қабылдай алады. Биылғы жинап алынатын астық оған сыймайды», — деп атап өтті басқарма өкілі.
Былтыр облыс бойынша 232 мың тонна астық пен бұршақдақылдар жинап алынған болатын. Ал, 2009 жылы облыс диқандары қамбаға 826,7 мың тонна астық құйды.