Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайтқа барлығы 60 сұрақ келіп түскен. Олар негізінен жолдағы көлік қозғалысы қауіпсіздігі, жүргізу ережесі, автомектептердегі оқу мерзімі проблемаларына қатысты болды.
Мәселен, егер жүргізушіні жол полициясының инспекторы тоқтатса, онда ол (жүргізуші) көліктен шығуға міндетті ме деген сауалға М. Бейсенов: «Міндетті емес. Қызметкер жақындап келіп, өзін таныстыруы және тоқтатқан себебін айтуы тиіс», — деп жауап берді.
Мәслихатқа қатысушыларды оң жақ тізгінді көліктерді әкелуге тыйым салынғаннан кейінгі апаттар санының азаю-азаймауы, аға инспектордың тізгінді әйелдердің ұстауына деген көзқарасы, жол инспекторларының жалақысы қанша деген жайттар қызықтырды.
Барлық сауалдарға жауап бергеннен кейін полиция майоры нәзік жанды жүргізушілерді айыптаулардан қорғады. Оның пайымдауынша, әйелдер көлікті өз деңгейінде жүргізеді.
«Интернет-мәслихат Павлодарда екінші рет ұйымдастырылған. Оған қатысушылар алғашқысына қарағанда екі есе көп болды», — деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті