Павлодар облысының Ленинский ауылында ішінде 78 килә сынабы бар баллон табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының Ленинский ауылында ішінде 78 килә сынабы бар баллон табылды

Павлодар облысының Ленинский ауылында ішінде 78 килә сынабы бар баллон табылды

Павлодар облысының Ленинский ауылының тұрғындары металл қалдықтарын іріктеу барысында ішінде 78 килә сынабы бар баллон тауып алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Тамыз 2003
  • 417
Фото - Caravan.kz

Цилиндр пішіндес металл зат тауып алған ауыл тұрғындары оны жарылғыш зат екен деп пайымдап, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандарын шақырған. Олар келгенге дейін ауыл тұрғындарының бірі баллонды дәнекерлеу аппаратының көмегімен кесуге әрекет жасапты. «Егер әлгі адамның әрекеті жүзеге асса, ол сынаптың булануы салдарынан өлімге душар болар еді»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандары баллонды қауіпсіз жерге жеткізді.

Соңғы жаңалықтар