Павлодар облысының Май ауданында 170 үй ірі бұршақтан зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының Май ауданында 170 үй ірі бұршақтан зардап шекті

Павлодар облысының Май ауданында 170 үй ірі бұршақтан зардап шекті

авлодар облысының Май ауданында 170 үй көлемі 20 мм бұршақтан зардап шекті, деп хабарлайды облыстық ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

  • 13 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 13 шілдесінде сағ. 1:57-де ТЖД оперативті кезекшісінің пультына Май ауданының Жұмыскер ауылында сағат 22 шамасында көлемі 20 мм бұршақ жауғаны туралы хабар түсті. Осының нәтижесінде 170 үй зардап шекті, нақты айтқанда, терезелері сынып, шифер жабындары бүлінген», — делінген ақпаратта.

Оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары, аудандық әкімдіктің ТЖ жөніндегі бас маманы, ТЖ бөлімінің бастығы, АІІБ оперативті тобы, жедел жәрдем қызметкерлері барды.

«Тіршілікпен қамтамасыз ету нысандары тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккен адамдар жоқ», – деп хабарлайды ТЖД.

Келген залалды нақтылау үшін комиссия құрылды.

Соңғы жаңалықтар