Павлодар облысының қалаларын қоршай тамақ өнімдерін делдалсыз сату бойынша азық-түлік белдеулері құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының қалаларын қоршай тамақ өнімдерін делдалсыз сату бойынша азық-түлік белдеулері құрылады

Павлодар облысының қалаларын қоршай тамақ өнімдерін делдалсыз сату бойынша азық-түлік белдеулері құрылады

Павлодар. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының басшылығы мынадай шешім қабылдады: халықты арзан өнімдермен қамтамасыз ету үшін қалалардың маңайында азық-түлік белдеулерін құру қажет. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында облыс басшысы Қайрат Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Тамыз 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының Астананы айнала азық-түлік белдеуін құру қажет деген тапсырмасы бар. Бұл да Алматының маңайы секілді жақсы сүйеніш. Сондықтан біз де осы идеяны енгізуді жөн деп таптық», — деп атап көрсетті Павлодар облысының әкімі. Оның айтуынша, қазір осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Әкімдіктің алдағы отырысында біз осы азық-түлік белдеулерін құру бағдарламасын қарастырып көреміз. Олар үш жерде басты өнеркәсіп орталықтары — Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының маңында орналасады», — деді Қ. Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар