Жарияланды: 390

Павлодар облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімі Ерлан Арынның өкімімен Балтабек Қибадатұлы Жаңабаев Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Б.Қ. Жаңабаев 1973 жылы туылған, сәулетші мамандығы бойынша Өскемен жол-құрылыс институтын тәмамдаған. 1996 жылдан бастап «Нива» ЖШС-те сәулетші-дизайнер болып жұмыс істеген, 2001-2004 жылдары - «Пик-Тайм» ЖШС-тің сәулетші-дизайнері. 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы - Павлодар қаласының бас сәулетшісі, Павлодар қаласы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2006 жылы - «Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы департаментінің Күрделі құрылыс басқармасы» КМК-ның маманы. 2007-2011 жылдары - «Геодезия және картография-ПВ» ЖШС директорының орынбасары, директоры. 2011 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалмас бұрын Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының аумақты жоспарлау және құрылыстарды салу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін