Павлодар облысының тұрғындары енді Ертіс өзенін мұз үстімен кесіп өте алады
Ертіс өзенінде мұз өткелдері іске қосылды. «Ертіс пен Павлодар облысындағы көлдерде мұз өткелдері ашылды. Ауыл тұрғындары елді мекендер арасындағы жолды қысқартып, дайындалған жем-шөпті мұз үстімен тасымалдайтын болды», - деп облыстық ТЖ департаментінің су-құтқару қызметінен хабарлады. Облыс аумағында автокөліктерге арналған осындай 10 өткел, 11 жаяу жүргіншілер өткелі мен 7 ат-арба өткелі жұмыс істеп тұр. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін