Павлодар облысының тұрғыны баласынан айырылып, ана бола алмайтыны үшін медициналық мекемелерден Т60 млн талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының тұрғыны баласынан айырылып, ана бола алмайтыны үшін медициналық мекемелерден Т60 млн талап етті

Павлодар облысының тұрғыны баласынан айырылып, ана бола алмайтыны үшін медициналық мекемелерден Т60 млн талап етті

Ақсу қаласының 30 жасар тұрғыны Нұргүл Мусина сот шағымында медициналық мекемелерден Т62 млн моральдық залал талап етіп отыр. «Ақсу қаласының мемлекеттік медициналық мекемелерінің қызметкерлері менің құрсағымда балама зиын келтіріп, менің ана денсаулығыма орны толмас зиян тигізді», - дейді әйел.

  • 29 Шiлде 2011
  • 744
Фото - Caravan.kz

2010 жылдың наурызында сәби күтіп жүрген әйел ауырып, толғақ деп түсініп, сағат 13.16-да «жедел жәрдем» шақырды. Бірақ Ақсу қалалық ауруханасына сағат 15-те бірақ жеткен.

«Осыдан кейін бір жарым сағат өткен соң ғана дәрігер келді, мен оны күткен уақытта қатты ауырдым, жағдайым нашарлап кетті, құстым, ал кезекшілік жасаған медбике мені соңымнан жинап жүруге мәжбүрледі», — дейді шағымданушы.

Ультрадыбыстық тексеру барысында плацентаның ажырап, ұрықтың өлгені анықталды.

«Құрсағымағы қызымды консилиумның шешімімен операциялық жолмен алды, дәрігерлер операция менің ана болуыма әсер етпейтінін айтты. Нәтижесінде, патологоанатомиялық тексерудің қорытындысына сәйкес, мерзіміне дейін көтерген қызым құрсағымда ұрықтық-плацентарлық қан айналымының бұзылуынан болған асфикциядан өлді. Сот сарапшыларының қорытындысына сәйкес, менің жағдайымда ана мен баланың денсаулығы үшін әрбір минут маңызды болды, уақытында ауруханаға жатқызу мен баланы кесарев әдісімен туу жағдайды мүлдем өзгертетін еді», — дейді Н. Мусина.

Әйел операция үстелінде 2 кг-нан аса қанын жоғалтып, миы мен көз торы домбыққан, мұны сот-медициналық сараптама актісі қуаттайды.

«Мен ұзақ емделдім, бірақ үш айдан кейін гинеколог дәрігерге барып, бала туатын органдарымның алынып тасталғаны, мен ешқашан ана бола алмайтыным мен үшін жан түршігерлік жаңалық болды! Дәрігерлер операция кезінде қате шешімдер қабылдап, бұл баламның өліміне алып келді. ҚР «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңының 52 бабы бойынша азаматтар денсаулықтарына келтірілген моральдық және материалдық залалды өндіріп алуға құқылы. Сондықтан да мен соттан менің пайдама Ақсу қаласының поликлиникасынан Т22 млн, жедел жәрдем станциясынан Т10 млн, Ақсу орталық ауруханасынан Т30 млн моральдық залалды өндіріп беруді сұраймын», — дейді Н.Мусина.

Соңғы жаңалықтар