Павлодар облысының үш ауылында су құбырын тартуға 750 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінуде
Биыл Павлодар облысының Галкино ауылына су құбырын тартуға, |
Ертіс ауылындағы және Қалқаман кетіндегі су құбырларын қайта жөндеуге республикалық бюджеттен 749,5 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Қаражаттар сондай-ақ Екібастұздағы тазартқыш құрылғылардың өздігінен ағатын коллекторын салуға, Ақсу қаласындағы су құбырын және Баянауыл ауылындағы тазартқыш құрылғыларын қайта жөндеуге бағытталады, қаралған сома - 1,4 млрд. теңге.
Сондай-ақ ауыз суды беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялауға трансферттер бөлу жоспарланған.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін өңірде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне 330 ауылды қосу жоспарланып отыр, бұл барлық елді мекендердің 80 пайызын құрайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін