Павлодар облысының Успенка ауылында отбасылық үлгідегі балалар үйі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының Успенка ауылында отбасылық үлгідегі балалар үйі ашылды

Павлодар облысының Успенка ауылында отбасылық үлгідегі балалар үйі ашылды

Павлодар облысының Успенка ауылында отбасылық үлгідегі балалар үйі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық білім беру департаментінен хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 660
Фото - Caravan.kz

Балалар үйінде Успенский ауданындағы Лозовое и Таволжан ауылдарынан жиналған әр ұлт өкілдерінен 5 бала тұрады. Оларды педагог әйел өз тәрбиесіне алды.

Балалар үйіне арналған үй Успенский ауданының бюджеттік қаржысына сатып алынса, оны жөндеу жұмыстарын ауыл тұрғындары өз күштерімен атқарып шықты. Сондай-ақ, балалар үйіне арналған жиҺаз, тұрмыстық техника, мал мен жем-шөпті осындағы екі шаруа қожалығы демеушілік жасап сатып берді.
Облыстық білім беру департаментінен хабарлауынша, облыс бойынша отбасылық үлгідегі алғашқы балалар үйі Павлодар ауданында 2001-жылы ашылған. Соңынан осындай балалар үйі Шарбақты ауданында ашылса, енді міне Успенский ауылында да отбасылық үлгідегі балалар үйі іске қосылды. Облыс бойынша отбасылық үлгідегі балалар үйінде 26 бала тәрбиеленуде.