Павлодар облысының жол полициясы Т34 млн сомаға бейнефиксаторлар сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының жол полициясы Т34 млн сомаға бейнефиксаторлар сатып алды

Павлодар облысының жол полициясы Т34 млн сомаға бейнефиксаторлар сатып алды

Павлодар облыстық жол полициясы жалпы құны Т34 млн болатын 38 дана «Бинар» бейне фиксаторын сатып алды. Ол көліктердің жол жүру ережесін жұзғанын тіркейтін болады, деп облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Арман Оразалиев мәлім етті.

  • 29 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Облыс әкімшілігінің қолдауымен бізге 34 млн қаражат бөлінген. Оған біз «Бинар» маркалы 38 бейнефиксатор сатып алдық», — деді А. Оразәлиев сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

ІІД бастығының айтуынша, жылдамдықты арттырып жіберу ЖЖЕ бұзуының өте жиі түрі. Бірақ жүргізушілер тиісті аспаптардың жоқтығынан жазадан құтылып кетіп отырған. 5 айда тіркелген 103 ЖКО-де 22-сі жылдамдықтың артуынан болып, ол апаттарда 5 адам өліп, 23 адам жарақаттанды.

«Бірақ жылдамдықты көтеріп жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке 1381 адам тартылды. Біздің аймақ үшін ол шағын көрсеткіш. Мен оның себебін жалдамдық өлшеуіштердің бізде жоқтығынан деп есептеймін», — деп түсіндірді А. Оразалиев.

«Бинар» — бейнефиксациялаумен жылдамдықты өлшегіш. Аспап көлік жылдамдығын өлшеумен бірге оның жүргізілген уақытын, өлшеу режимі тіралы ақпарат береді. Ол ағымдағы мәліметтерді жадында сақтап, қажет жағдайда мұрағатқа жіберіп отырады.

Соңғы жаңалықтар