деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Он күн бойы факультет, ректорат және шаруашылық басқару топтары алты спорт түрлері бойынша біріншілікке таласты.
Далада үскірік аяздар тұрса да, жоғары оқу орнының спорт залдарында қызу жарыстар жүрді — жеңіске талпынысын көрсеткен спортшылар дәлдік, жылдамдық, күш және ептілік бойынша сайысты.
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша бірінші орын және спартакиада кубогын табиғаттану факультеті қызметкерлерінің тобы жеңіп алды. Екінші орынды филология және психология-педагогика фыкультеттерінің құрама командасы иеленді, ал физика-математика факультетінің оқытушылары үшінші орынға лайық деп танылды.
Спорт клубының төрағасы, спартакиаданың бас ұйымдастырушысы Қанат Ескендіров оларға грамоталар мен вымпелдерді табыс етіп, педагогикалық институт ұжымы спортпен достасқандығын — спартакиаданың сегізінші жыл өткізіліп жатқанын, әрқашан жаппай және қызықты өтетінін атап өтті.