Фильмнің авторы — киносүйер қауымға «Один и без оружия», «Макаров», «Мусульманин» сынды фильмдерін жасаушы ретінде танымал павлодарлықтардың жерлесі Владимир Хотиненко.
Режиссердің «Достоевский. Жизнь полная страстей» жеті сериялы туындысы павлодарлықтардың зор қызығушылығын тудырды. Фильмді көрсетуді ПМПИ ғылыми кітапханасы ұйымдастырып, авторлық көшірмені осы жоғары оқу орнының түлегі, Славян мәдени орталығының басқарма төрағасы Татьяна Кузина ұсынды.