Павлодар педагогикалық институтының студенттері кәріс тілін оқи алады - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар педагогикалық институтының студенттері кәріс тілін оқи алады

Павлодар педагогикалық институтының студенттері кәріс тілін оқи алады

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерінде әлемде 75 миллионнан астам адам сөйлесетін кәріс тілін үйрену мүмкіндігі туды,

  • 30 Қазан 2012
  • 556
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Институттың Лингвистикалық орталығында ниет білдіргендер үшін кәріс тілінің курстары ашылды, сабақтарды Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулден келген оқытушы Ли Хён Джу жүргізуде.

Үш ай бойы студенттер кәріс әліпбиі мен оқу ережелерімен танысады, дыбысталуын меңгеріп, хат жазуға, грамматика негіздеріне дағдыланады. Тоқсанның аяғына қарай білім алушылар қарапайым сөйлемдерді түсініп, өздері туралы қысқаша баяндап беруді, оңай сөйлемдерді оқуды үйренеді.

Курстардың тыңдаушылары осы тілді қолданатындармен тұрмыстық тақырыптарға сөйлесе алады.