Павлодар педагогикалық институтының үш студенті «Қазком» шәкіртақысының иегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар педагогикалық институтының үш студенті «Қазком» шәкіртақысының иегері атанды

Павлодар педагогикалық институтының үш студенті «Қазком» шәкіртақысының иегері атанды

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері, оқу үздіктері Роман Саенко, Әсем Кәрібаева және Данагүл Қаппароваға Қазкоммерцбанкінің «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қорынан «Қазком шәкіртақысы» атаулы гранттары табысталды,

  • 2 Қараша 2012
  • 459
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

«Қазком» шәкіртақысы ЖОО-да екі-үш жыл білім алып, түрлі себептермен қиын материалдық жағдайға ұшыраған талантты студенттерді қолдау үшін құрылды.

Шәкіртақыны тағайындау үшін кандидаттарды грант комиссиясы анықтады, оның құрамына ректорат, ЖОО-ның ғылыми және студенттік кеңестерінің өкілдері кірді.

«Қазкомның» жылдық шәкіртақысы — 180 мың теңге. Оны Қазақстанның 19 оқу орнының 50-ге жуық студенті — аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетімдер алуда.

Соңғы жаңалықтар