Павлодар пединститутында ислам құндылықтарына арналған жиын өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар пединститутында ислам құндылықтарына арналған жиын  өтті

Павлодар пединститутында ислам құндылықтарына арналған жиын өтті

Павлодар педагогикалық институтында діни экстремизмнің алдын алу проблемасына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

  • 13 Маусым 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.

Студенттермен Алматыдағы «Нұр-Мүбәрәк» Қазақ-Мысыр ислам университетінің профессоры, дінтану докторы Ельда Кики Редда Мұхаммад Хұсаин кездесті. Ғалым Павлодар облысына Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіттің бас имамы Қоспақ қажы Жолдастың шақыруымен келді.

Дінтанушы ғалым өз сөзінде исламның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы айтты, исламның жан-дүниенің тазалығына үйрететінін атап көрсетті.

«Құранның алғашқы бес аяты, адамды көп оқуға, жаза білуге, білімге талпынуға үйретеді. Бірақ Құранды білу жеткіліксіз — адам алға қарай жылжуы, дамуы, өсуі керек. Құран — жақсы көмекші ғана», — деп атап көрсетті профессор өз сөзінде.

Қонақ сондай-ақ студенттердің сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар