Павлодар: полиция қызметкерлері ұстазды соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар:  полиция қызметкерлері ұстазды соққыға жықты

Павлодар: полиция қызметкерлері ұстазды соққыға жықты

Полиция қызметкерлері ұстазды соққыға жықты! Павлодарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуат Дайыров  тәртіп сақшыларын «маған жала жауып, жасамаған қылмысты мойындату үшін күш қолданды» деп  айыптап отыр. Ал Ішкі істер департаментінің өкілдері болса, оның расымен де ұрлыққа қатысы бар болуы  мүмкін дейді.

  • 21 Маусым 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

Тепсе темір үзетін 26 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуат Дайыров жарты айдан бері денсаулығына байланысты үйінде жатыр. Ол осы айдың басында полиция қызметкерлерінен нақақтан-нақақ таяқ жеп қалғанын айтады. Оның сөзінше, тәртіп сақшылары түк түсіндірместен, оны, екі жолдасымен көліктеріне салып, полиция бөлімшесіне алып кеткен. Одан кейінгісін жігіт есіне алғысы да келмейді. 

Қуат Дайыров, Павлодар қаласының № 34 орта мектебінің мұғалімі:

— Кабинеттің ішінде бес  қызметкер болды. Үшеуі ұрды: бірі бастан ұрды, екіншісі үстімде отырды.

Қорлау бірнеше сағатқа созылған. Тәртіп сақшыларынан жәбір көрген жігіттің айтуынша, полиция қызметкерлері оған жасамаған қылмысты мойындатқызғысы келіп, қолды болған ұялы телефонды қайтарып беруді талап еткен. Бұны Қуаттың қасында болған жолдасы да растап отыр. Алайда полицейлердің қаһарынан сескенген ол түрін көрсетіп, атын атаудан бас тартты.

Куәгер:

— Бізді Ішкі істер басқармасына алып кетті. Қуат Дайыровтың айқайлап, көмекке шақырып жатқанын естідік, оның жан дауысын сол жерде отырғандардың барлығы естіді.

 Қуаттың анасы: «Полицейлер нағыз ұры-қарыларды іздеудің орнына жазықсыз адамдарды жәбірлеуде» — дейді. Тіпті соңғы кездері белгісіз біреулердің баласын аңдып жүргенін байқап қапты.


Светлана Кенжебаева, зардап шеккен жігіттің анасы
:

Олар әлі осы жердемашиналарымен жүр, қарап жүр. Балам сыртқа шығып кетсе, тағы да машинаға салып алып кетеме деп ойлаймын. Мен оны қалай күзетем,баламды кім қарап жүреді? Ол жұмысқа баруыкерек,мысалы.

Қуат болған жайтты баяндап, прокуратураға да, әкімдікке де арызданды. Алған соққы іздерін сот–медициналық сараптама дәлелдегенімен, оның көшірмесін тергеуші қолына беруден бас тартты. Қазір бұл іспен Ішкі істер департаменті қызметкерлері айналысуда. Олардың айтуынша, Қуат Даировтың ұрлыққа қатысы бар болуы мүмкін.

Назымбек Жүнісов, Павлодар облысы ІІД бастығының орынбасары:

— Бізге жауапкершіліктен құтылу үшін полиция қызметкерлерінің өздеріне қатысты  көптеген арыздар келіп түседі. Білуімше, Қуат Дайыров ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, Ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Дегенмен Қуаттың өзі ұрлыққа «еш қатысым жоқ»дейді. Бұл ретте дәл осы Ішкі істер басқармасында жасамаған қылмысты күштеп мойындату деректері тіркелгенін айта кету керек. Жыл басында  аталмыш мекеменің қызметкері тағы бір күдіктіге электр қуатын қолданып, жасамаған қылмысын мойындатқан түсініктеме алғаны үшін бес жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар