Павлодар полициясы көшеге төселетін кеспе тасты ұрлаған адамды қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар полициясы көшеге төселетін кеспе тасты ұрлаған адамды қолға түсірді

Павлодар полициясы көшеге төселетін кеспе тасты ұрлаған адамды қолға түсірді

Павлодар полициясы көшеге төселетін кеспе тасты ұрлаған адамды бейнебақылау камерасының көмегімен қолға түсірді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

  • 14 Маусым 2011
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Таңғы сағат 4-те ІІД оперативті басқару орталығының бейнебақылау камералары 1 мамыр – Кривенко көшелерінің қиылысында кеспе тастың ұрланғанып жатқанын көрсеткен. Оқиға орнына жеткен полиция наряды облыс орталығының еш жерде жұмыс істемейтін 22 жастағы тұрғынын қолға түсірді», – деді ол.

Құқық бұзушы жақын күндері оның әйелі бала туатынын, үйіне көп қонақ келетінін айтқан. Ол кеспе тастан үйінің ауласында қазанға деп шағын пеш салмақ болған.

«Осы мақсатпен ол әйелімен бірге түнгі сағат 3-те шығып, Volkswagen Passat көлігіне 75 дана кеспе тас артып алған. Тастарды артып жатқанда Павлодар қалалық ІІБ қызметкерлерінің қолына түскен», — деді Б. Мағзұмова.

Қазіргі уақытта тергеу алды тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Кеспе тас ұрлау оқиғасы алғаш рет тіркеліп отыр, былтыр қала полициясы көшедегі гүл құмыраларын ұрлау оқиғаларын тіркеген.

Соңғы жаңалықтар