Павлодар прокуратурасы полиция бөлімшелерінде 300-ден астам қылмыстық істердің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар прокуратурасы полиция бөлімшелерінде 300-ден астам қылмыстық істердің жоғалып  кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады

Павлодар прокуратурасы полиция бөлімшелерінде 300-ден астам қылмыстық істердің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодар облыстық прокуратурасы полиция бөлімшелерінде 300-ден астам қылмыстық істердің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2006
  • 490
Фото - Caravan.kz

Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істердің жоғалу дерегі Павлодардғы Оңтүстік және Солтүстік ішкі істер бөлімдерін, сондай-ақ, Екібастұз өңірі ІІБ-ін жоспарлы тексеру барысында анықталған. «Біз 300-ден астам қылмыстық істі таппадық. Олардың арасында 8 -і аса ауыр қылмыстарға, атап айтсақ, кісі өліміне қатысты істер»,- дейді қадағалаушы органдағылар.

Прокурорлардың ақпаратына сәйкес, өткен ғасырдың 60-шы жылдарына бастап қазірге дейінгі полиция құжаттары тексеру аясына қамтылған. Жоғалып кеткен қылмыстық істердің басым бөлігі 90-шы жалдарға қатысты. Сол сәтте олар таратылған мемлекеттік тергеу комитетінен ІІБ-ның қарамағына өтті.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «немққұрайдылық» жөніндегі 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. «Кінәлілерді табу өте қиын. Өйткені сол кездегі полицияның жауапты қызметкерлерінің басым бөлігі қазір мекемеде жұмыс істемейді. Қазір жоғалған қылмыстық істерді бақылау-қадағалау құжаттарының негізінде қалпына келтіруге шаралар қолданылуда»,- дейді ақпарат көзі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта