Жарияланды: 640

Павлодар қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы қала тұрғындарынан үйлерінде сақтап отырған сынапты өз еркімен тапсыруды сұрайды

Павлодар қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы қала тұрғындарынан үйлерінде сақтап отырған сынапты өз еркімен тапсыруды сұрайды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Жыл басынан бері Павлодардағы Кутузов көшесінің бойында орналасқан көп қабатты үйдің бір кіреберісінде сынап төгілу оқиғасы екі мәрте тіркелді. Екі жағдайда да 1 килоға жуық сынап төгілген. Оқыс оқиға болған жерге шақырылған қалалық құтқару қызметінің мамандары сынаптың қасақана төгілу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Павлодар полициясының оңтүстік бөлімінде осынау төтенше оқиғалардың мән-жайын тексерумен айналысатын арнаулы топ құрылды. Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлағанындай, үйдің сынап төгілген кіреберісінде улы металлды бейтараптандыру жұмысы жүргізілді. Соған қарамастан, үй тұрғындары металлды үйдің бірнеше қабаты мен бірнеше пәтерге таратып үлгерген. Соның салдарынан екі пәтерде сынаптың шектеулі мөлшері жоғары деңгейде сақталып отыр. Жинап алынған сынап жергілікті химия зауытына пайдалы жарату үшін тапсырылады. Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы басшылығының атап көрсетуінше, қара базарда сынаптың коммерциялық пайдасы жоқ. Сондай-ақ, басқарма сынапты тапсырған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды дегенге кепілдік беріп отыр. Басқарма басшылығы бұл мәлімдеме нәтижесін береді дегенге сенімді. Осыдан үш жыл бұрын Павлодарда тұрғын үйлерде сынап төгілу оқиғасы бірнеше мәрте тіркелгеннен кейін төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қала тұрғындарынан осындай мәлімдеме көмегімен 6 килодан астам улы металл жинап алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін