Сынап Циолковский көшесінің бойындағы азаматтық кооператив маңындағы қоқыс ішінен табылған. Оны тауып алған тұрғындар оқиға орнына құтқарушыларды шақырды.
А.Касьяненконың айтуынша, сынап төгілген жер арнаулы ерітіндімен өңделді.
Баллондардағы сынаптың жалпы салмағы 100 кило болып шықты. Ыдыстардың сыртында таңбасы болмағанымен, А.Касьяненко олардың кезінде жергілікті химия зауытының аумағынан шығарылып, гараждардың бірінде 10-15 жыл сақталғанын жоққа шығармайды. Қожайыны ыдыстардың бірінің бүлінгенін біліп, үшеуін де қоқысқа тастағанға ұқсайды.
Қазір сынап құтқару қызметінің қарамағында. Оны жергілікті химия зауытына сақтауға немесе пайдалы жаратуға беру мәселесі шешілуде.
Ал былтыр Павлодарда 20 кило сынабы бар ыдыс табылған болатын.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодардағы химиялық зауытта 1975-1993-жылдары сынап электролизі негізінде каустик пен хлор өндірісі жұмыс істеді. Сынапты зауыт қызметкерлері алып, өз пәтерлерінде немесе гараждарында сақтаған болуы ықтимал.