Павлодар тұрғыны алимент төлемей баласына үш миллион теңге қарыз - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар тұрғыны алимент төлемей баласына үш миллион теңге қарыз

Павлодар тұрғыны алимент төлемей баласына үш миллион теңге қарыз

Ер адам алты жыл бойы алимент төлемей келген.

  • 13 Маусым 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алимент төлемеген павлодарлыққа бұрынғы әйелі шағымданды. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде қарыз сомасы шамамен үш миллион теңгеге жеткен.

"Қалалық полицияға 28 жастағы павлодарлық әйел арызданды. Оның сөзінше, 38 жастағы бұрынғы күйеуі 2016 жылдың қарашасынан бері баланы бағу үшін ақша төлеу туралы сот шешімін орындамаған. Қарыз сомасы — 2 миллион 745 мың теңге", — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адам қайда жасырынып жатқанын анықтады. Полиция тексеруді бастады.


Ведомство өкілдері жыл басынан бері алимент төлемеген 106 борышкер табылғанын қоса айтты. 

Соңғы жаңалықтар