Павлодар тұрғыны ыстық су құбыры жарылған жердегі шұңқырға құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар тұрғыны ыстық су құбыры жарылған жердегі шұңқырға құлап кетті

Павлодар тұрғыны ыстық су құбыры жарылған жердегі шұңқырға құлап кетті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы абайсызда жылу жолының шұңқырына құлап кеткен 1957 жылы туған әйелдің ауыр жағдайда жатқанын айтты

  • 8 Қаңтар 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

 Павлодар тұрғыны жарылған ыстық су құбырын жөндеу жұмыстары кезінде жылу жолының шұңқырына құлап кетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Павлодар облысы полициясының хабарлауынша, оқиға 7 қаңтар таңғы сағат 08.50-де Чокин көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болды. Павлодардың 63 жастағы тұрғыны абайсызда жылу жолының шұңқырына құлап кетті. Ол жерде ыстық су жолы жарылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

Салдарынан күйік шалған қала тұрғыны ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева
Sputnik Қазақстан
тілшісіне жедел жәрдемнің сағат 08:54-те шақырылғанын хабарлады.

1957 жылы туған әйелдің аяқ-қолының 45%-і күйіп қалған. Ол Павлодар №1 қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайы ауыр.

Айта кетейік, 7 қаңтарда Павлодардың екі ауданында жылу жолының жарылуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілді.