Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы республикалық жолдар ашылды
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы республикалық жолдар ашылды. |
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Павлодар облысы аумағындағы көктайғақ салдарынан кеше кешқұрым «Ульяновский-Керней-Баянауыл-Қалқаман» жолының 104-114 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған болатын. Бүгін сағат 06.00-ден бері бұл жол ашылды.
Бұдан бөлек Шығыс Қазақстан облысы өңіріндегі боранға байланысты кеше кешке қарай бірқатар жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынған еді.
Атап айтқанда, "Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары" жолының 6-166 шақырымындағы "Өскемен-Зырян" аралығында, "Алматы-Өскемен" жолының 977-1079 шақырымындағы "Қалбатау-Өскемен"аралығында, "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" автожолының 15-123 шақырымындағы "Глубокое айналымы-РФ шекарасы" аралығында, "Өскемен-Семей" жолының 0-198 шақырымында, "Омбы-Майқапшағай" автожолының 84-114 шақырымындағы "Семей-Қалбатау" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Бүгін таңертеңнен бастап аталған жолдардың барлығында көлік қозғалысы жанданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін