Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы республикалық жолдар ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы республикалық жолдар ашылды

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы республикалық жолдар ашылды

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы республикалық жолдар ашылды.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 301
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Павлодар облысы аумағындағы көктайғақ салдарынан кеше кешқұрым «Ульяновский-Керней-Баянауыл-Қалқаман» жолының 104-114 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған болатын. Бүгін сағат 06.00-ден бері бұл жол ашылды.

Бұдан бөлек Шығыс Қазақстан облысы өңіріндегі боранға байланысты кеше кешке қарай бірқатар жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынған еді.

Атап айтқанда, «Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары» жолының 6-166 шақырымындағы «Өскемен-Зырян» аралығында, «Алматы-Өскемен» жолының 977-1079 шақырымындағы «Қалбатау-Өскемен»аралығында, «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолының 15-123 шақырымындағы «Глубокое айналымы-РФ шекарасы» аралығында, «Өскемен-Семей» жолының 0-198 шақырымында, «Омбы-Майқапшағай» автожолының 84-114 шақырымындағы «Семей-Қалбатау» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Бүгін таңертеңнен бастап аталған жолдардың барлығында көлік қозғалысы жанданды.