Павлодар: жол апатында ерлі-зайыптылар 8 жасар немересімен тіл тартпай кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар: жол апатында ерлі-зайыптылар 8 жасар немересімен тіл тартпай кетті

Павлодар: жол апатында ерлі-зайыптылар 8 жасар немересімен тіл тартпай кетті

Тағы бір ірі жол апаты Павлодарда болды. Мұнда екі жеңіл көліктің соқтығысуынан ерлі-зайыптылар 8 жасар немересімен көз жұмды. Апатқа себепкер жүргізушінің удай мас болғаны анықталып отыр. Қазір ол қамауға алынған. Ал оқиға куәгерлері БМВ-ны полиция көлігінің қуып келгенін және апат болған кезде тәртіп сақшыларының қашып кеткенін айтады. Бірақ Ішкі істер департаментіндегілер мұны жоққа шығарды.

  • 10 Маусым 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Жол апаты кешкі  сағат  тоғыздар шамасында қала шетіндегі адам көп жүретін қиылыстардың бірінде болды. Қуыс көшеден шыққан БМВ көлігі қатты жылдамдықпен келіп, негізгі жолдағы «Дэу Нексияны»соққан. «Нексияның»60 жастағы жүргізушісі мен жұбайы және сегіз жастағы немересі сол жерде тіл тартпай кетті. Оқиға куәгерлері БМВ-ны полиция көлігінің қуып келгенін айтып отыр. 

Құдайберген Смағұлов, куәгер:

Әйнектен қарасам, сигнал беріп жатыр, МАИ көлігі. Айдап келеді, БМВ машинасы, артынан МАИ көлігі,… қаланың ішінде қалай қатты айдап келе жатыр деп ойлағанша болған жоқ, қатты соғылысты.  

Бірақ апат болған кезде тәртіп сақшылары зардап шеккендерге көмек берудің орнына  оқиға орнынан ізін суытқан көрінеді. 


Құдайберген Смағұлов, куәгер:

— МАИ көлігі қайда кетіп барады дедім…кетіп қалды. «Неге қашып барасың?» десем, бетін жауып, кетіп барады.

Дегенмен Ішкі істер департаментіндегілер мұны жоққа шығарды.

Баян Мағзұмова, Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Дәл сол күні БМВ автокөлігінің артынан ешқандай қуғын болған жоқ, жол полиция қызметкерлерімен, өйткені ол машинаны ешкім іздеген жоқ және перехват деген жоспар енгізілген жоқ.

Ал БМВ-дағы екі жолаушы мен жүргізуші жеңіл-желпі жарақат қана алған. Жүргізілген сараптамабұл үшеуінің де удай мас болғанын анықтаған. Қазір көлік тізгінін ұстаған 30 жастағы азамат қамауда отыр. 

Соңғы жаңалықтар