Павлодара мемлекеттік қызметкерлер сотталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодара мемлекеттік қызметкерлер сотталуда

Павлодара мемлекеттік қызметкерлер сотталуда

Павлодарда 300 млн теңгеге жуық мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған жергілікті Қазынашылық департаментінің бұрынғы бастығы Роза Нұрғалиеваға және аталған мекеменің тағы үш қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды.

  • 21 Маусым 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

Үшеуі де  Қазынашылық департаментінде лауазымды қызмет істеген.  Біреуі – бастықтың орынбасары, екіншісі – бас есепші, үшіншісі – кадр бөлімінің бастығы.  Төрт  азаматша сотқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуына қарсы болғандықтан, процесс кешігіп басталды. Тергеу материалдарынан құралған 56 томдық іске сәйкес, азаматшалар   ұзақ жылдар бойы аталған департамент қызметкерлері мен осы мекемеге қатысы жоқ жүзден аса адамның есеп-шотына ақша аударып отырған. Оны еңбекақы, зейнетақы және салық қаржысын үнемдеу арқылы жүзеге асырған. Дегенмен басты айыпталушының қорғаушысы тағылған айыппен келіспей отыр.


Елена Ребенчук, сотталушы Роза Нұрғалиеваның адвокаты
:

— Тағылған айыптың бәрі тек бас есепшінің берген түсініктемесі негізінде жасалды және шикі тұстары жетерлік. Қолды болған  300  миллион теңгенің қайда кеткенін ешкім де анықтауға тырысқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар