Павлодарда 15 жастағы жасөспірім оқ тиіп қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 15 жастағы жасөспірім оқ тиіп қаза тапты

Павлодарда 15 жастағы жасөспірім оқ тиіп қаза тапты

Павлодарда көшедегі жаңжал кезінде 18 жастағы жергілікті тұрғын аңшы мылтығымен 15 жастағы жасөспірімді атып тастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2004
  • 424
Фото - Caravan.kz

9-мамырда таныс қызының үйіне автокөлігімен келген 18 жастағы Павлодарлық жігітті сол маңайдың жасөспірімдері жақтырмай қарсы алады. Қызбен жолығуға кедергі жасауға талпынған жастармен жігіт бұған дейін де бірнеше мәрте кикілжіңге барған.

Алдын-ала мәлімет бойынша жасөспірімдердің арандатуымен басталған жаңжал кезінде автокөлігінен аңшы мылтығын алып шыққан жігіт алдымен аспанға, сосын жасөспірімдер арасындағы ең бір ожарына қаратып оқ атқан. Жасөспірім жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Павлодар облыстық ІІБ-ның нақтылауынша, сол күні облыс бойынша іздеу жарияланып, қару қолданған жігіт Қашар ауданының орталығында ұсталды. Тұтқыннан қару тәркіленді.
Қазіргі жағдаймен жігіт жасаған қылмысын мойындап отыр.

Соңғы жаңалықтар