Павлодарда 19 жастағы жігіт төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 19 жастағы жігіт төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды

Павлодарда 19 жастағы жігіт төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды

Павлодар қаласында 19 жастағы жігіт жанжал кезінде пышақ жарақатын алып қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

  • 3 Қараша 2017
  • 190
Фото - Caravan.kz

Агенттік тілшісіне хабар берген қала тұрғындарының бірі атап өткендей, жігіттер арасында жанжал Instagram желісіндегі сурет үшін орын алған. Жас қыздардың бірі 21 жастағы жігітпен түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеген. Кейін қызды ұнатып жүрген жігіттердің бірі мәселенің мән-жайын анықтау үшін екі досымен бірге кездесуге барып, үшеуі 21 жастағы жігітті соққының астына алған. Оларды арашалауға келген 19 жастағы жігітке ойламаған жерден пышақ тиіп, ол көз жұмды.

Екі күн өткен соң 21 жастағы жігіт өз еркімен полицияға келіп, адам өлтіргенін мойындаған.

Айта кетейік, қайтыс болған ер бала Омбы қаласында білім алып жүрген. Демалыс күндерін өткізу үшін Павлодар қаласына келген екен.

Рavlodarnews.kz ақпараттық агентігінің жолдаған ресми сауалына берген жауабында ІІД баспасөз қызметі аталмыш фактіні растады.


— 2017 жылдың 29-қазанында шамамен таңғы сағат 05.00-де Қамзин көшесінің бойында орналасқан үйдің жанында жігіттер жаға ұстасып, салдарынан 21 жастағы тұрғын 19-жастағы жігітке пышақ жарақатын келтірген. Алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмды. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 99-бабына сәйкес «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды, — деді баспасөз қызметінде.

 

Соңғы жаңалықтар